$ 542.67  638.89  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде орманда адасып кеткен зейнеткер табылды

Бейбітшілік аралындағы орманда жүргізілген іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды

Семейде орманда адасып кеткен зейнеткер табылды
Фото: pixabay

Семейлік полицейлер саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен 61 жастағы әйелді тауып, үйіне жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«102» арнасына зейнеткер әйелден дабыл қоңырауы келіп түсті. Ол бағытынан жаңылып, орманнан шыға алмай қалғанын хабарлаған», - деп жазылған полицияның хабарламасында.

Жедел түрде патрульдік полиция батальонының экипажы көмекке аттанады. Қызметкерлер бірнеше топқа бөлініп, аумақты тінтіп шыққан.

Биологиялық орталық маңында бірнеше шақырым жүргеннен кейін, патрульдік полицейдің бірі әйелді байқап қалып, оны орманнан алып шықты. Полицейлер оны үйіне дейін жеткізді. Қуанышқа орай, медициналық көмек қажет болмады.

Еске сала кетейік, дәл осындай жағдай он күн Шығыс Қазақстан облысында болды. Полицейлер мен құтқарушылар саңырауқұлақ теруге шығып, орманда адасып кеткен 71 жастағы зейнеткерді тауып, келеңсіз жағдайдың алдын алды.

Серіктес жаңалықтары