Алматыда автобус ішінде ел көзінше мастурация жасаған ер адам ұсталды
Полиция департаменті түсініктеме берді

Алматыда автобус ішінде кішкентай қыз балаға қарап мастурбация жасаған ер адамның ісіне қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.
«Ер адамның жеке басы анықталды, оны ұстау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.
Қоғамдық орындардағы мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып табылады, айналадағылардың қадір-қасиетін қорлайды және біздің қаламызда жол берілмейді», – делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, Алматы полициясы мұндай деректерге жүйелі түрде әрекет етеді, олардың жолын кесу шараларын қабылдайды және азаматтарды осындай оқиғалар туралы «102» телефоны арқылы дереу хабарлауға шақырады.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда ер адам автобуста кішкентай қызға қарап, мастурбация жасағаны хабарланған болатын.