$ 541.19  636.44  6.49
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана – Қарағанды тасжолында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Жүргізушілерге ескерту жасалды

Астана – Қарағанды тасжолында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Фото: polisia.kz

Астана – Қарағанды бағыты бойынша күре жолда орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргізушілерге уақытша кептелістер мен қозғалыстың баяулауына дайын болу туралы ескертілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жөндеу жүріп жатқан аумақ

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, жөндеу жұмыстары 0–16 шақырым аралығындажүргізілуде. Бұл учаске арқылы Мичурино, Күйгенжар және Жібек Жолы елді мекендері өтеді.

Аталған аумақта:

  •  полимерлі асфальт-бетон (ЩМА) жабыны төселуде;
  • роликті қоршаулар орнатылуда;
  • гранитті бордюрлер қойылуда;
  •  жаңа бағдаршам нысандары қайта жасақталуда.

Кептелістер болуы мүмкін

Компания хабарлауынша, жөндеу кезінде жолдың өткізу қабілеті төмендеуі ықтимал, сондықтан жүргізушілерге қозғалыс уақытын алдын ала жоспарлап, қосымша уақыт қарастыру ұсынылады.

«Бүгінгі күні аталған аумақта кептелістер мен қозғалыстың баяулауы мүмкін. Бұл – уақытша қолайсыздықтар, жол толық аяқталған соң жүргізушілерге ыңғайлы әрі қауіпсіз болады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары