АШМ еттің қымбаттау себебін түсіндірді
Ведомство баға қалай қалыптасатынын айтты

Қазақстандықтар сиыр еті бағасының көтерілуіне алаңдаулы. Ауыл шаруашылығы министрлігі еттің түпкі бағасының қалай қалыптасатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баға қалай қалыптасады?
АШМ мәліметінше, 1 келі сиыр етінің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңгені құрайды. Оған 15% көтерме үстеме қосылғаннан кейін баға 3 400–3 500 теңге деңгейінде қалыптасады.
Салыстыру үшін көрші елдердегі бағалар:
- Өзбекстан және Тәжікстан – 6 500 теңге/кг дейін
- Ресей – 8 500 теңге/кг дейін
- Қытай – 8 000 теңге/кг дейін
- Түркіменстан – 9 000 теңге/кг дейін
- Түркия – шамамен 13 000 теңге/кг
Неге еттің бағасы әртүрлі?
Баға тек өзіндік құнға ғана емес, ет бөлігінің категориясына да байланысты. Бір ірі қара малдың тірі салмағынан небәрі 50–60% ет алынады. Оның ішінде:
- 15–20% – премиум-сегмент (вырезка, рибай, кострец)
- 40–45% – орташа сегмент
- 25% – төменгі категория
- 15–20% – сүйек, май мен қиқым (нарықта ет ретінде сатылмайды)
Бағаны тұрақтандыру шаралары
АШМ сиыр еті нарығындағы бағаның шамадан тыс қымбаттамауы үшін бірқатар шаралар қабылдап жатқанын атап өтті:
- Мал ұстау алаңдары мен шаруашылықтарға жеңілдетілген несие беру;
- Ет өңдеуші кәсіпорындарды қолдау;
- Форвардтық сатып алу және интервенциялар арқылы нарықты тұрақтандыру;
- Антимонополиялық заңнаманың орындалуын күшейту.
Сонымен қатар, министрлік баға мониторингін тұрақты жүргізіп, өңірлік әкімдіктермен және сала ұйымдарымен бірге жұмыс істеп келеді.