Қазақстанның төрт қаласында ескерту жарияланды
Төрт қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін, 19 қыркүйекте еліміздің төрт қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс белгілі бір ауа райы жағдайларының әсерінен туындайды. Яғни зиянды қоспалар жерге жақын қабатта жиналып, шоғырланып қалады.
«2025 жылдың 19 қыркүйегінде қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе мен Көкшетауда, түнде Атырау мен Қостанай қалаларында байқалады», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) деген не және ол несімен қауіпті?
ҚМЖ – бұл зиянды заттардың ауада таралуына кедергі жасайтын табиғи құбылыстар. Оларға мыналар жатады:
- Тымық ауа,
- әлсіз жел,
- тұман,
- температуралық инверсия.
Мұндай кезде зиянды қоспалар ауада қалып, әсіресе тығыз қоныстанған аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда жиналады. Соның салдарынан ауа сапасы уақытша нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.