19.09.2025, 08:11
Жаңалықтар
Қазақстан FIFA рейтингісінде 118-орынға дейін сырғып кетті
Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде төрт орынға төмендеді
Фото: instagram.com/kff_team
FIFA ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады. Қазақстан құрамасы төрт сатыға төмендеп, 118-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы Нигер мен Индонезияның ортасында орналасқан. Мұндай нәтиже 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі қыркүйек айындағы ойындармен байланысты:
- Астанада өткен ойында Қазақстан Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді;
- Брюссельдегі кездесуде Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілді.
FIFA тізімінің жоғарғы бөлігінде де өзгерістер бар:
- Испания бірінші орынға көтерілді;
- Аргентина үшінші орынға түсті;
- Франция екінші орнын сақтап қалды;
- Германия ТОП-10-нан шығып, 13-орынға түсіп қалды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды