$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысының тұрғындары турфирмаға 35 млн теңге төлеп, шетелге шыға алмай қалды

Турфирма басшысына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді

Ақмола облысының тұрғындары турфирмаға 35 млн теңге төлеп, шетелге шыға алмай қалды
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысында туристік агенттік жетекшісіне қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасына 2024 жылдың желтоқсанында арыз түскен. Кейінгі арыздар биылғы тамызға дейін қабылданған.

«Арыз иелері туристік қызмет көрсетеміз деген сылтаумен агенттік өздеріне тиесілі қаражатты иемденіп алғанын мәлімдеді», – деді облыстық ПД өкілдері.

Ал жалпы саны 39 тұрғын зардап шеккен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 35 миллион теңгені құрады.

«Тергеу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол – 27 жастағы Көкшетау тұрғыны.

ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды», – делінген ПД түсініктемесінде.

Серіктес жаңалықтары