$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әйгілі Жозе Моуриньо енді «Бенфиканы» жаттықтыратын болды

Ол осыған дейін Түркияның «Фенербахче» командасын жаттықтырған

Әйгілі Жозе Моуриньо енді «Бенфиканы» жаттықтыратын болды
Фото: Paolo Bruno/Getty Images

Әйгілі португалиялық бапкер Жозе Моуриньо енді өз отанындағы «Бенфика» командасын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Команданың бас бапкері тағайындалғаны туралы мәліметті клубтың баспасөз қызметі ресми түрде жариялады.

Жозе Моуриньо бұл қызметте Бруну Лажидің орнын басады. Оның жетекшілігімен «Бенфика» өз алаңында Әзербайжанның «Карабах» командасынан 2:3 есебімен ұтылып қалған болатын.

Ал Жозе Моуриньо өткен айда ғана Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмағандықтан Түркияның «Фенербахче» клубынан қуылған.

62 жастағы португалиялық маман «Порту», «Челси», «Интер», «Реал», «Манчестер Юнайтед», «Тоттенхэм» және «Рома» клубтарын жаттықтырған.

Ең қызығы, Моуриньо 2000 жылы бас бапкерлік жолын дәл осы «Бенфика» командасынан бастаған. Алайда басшылықпен сөзге келіп қалып, небәрі 10 матчтан кейін қызметінен кеткен.

Айта кетерлігі, «Бенфика» ішкі біріншілікте төртінші турдың қорытындысы бойынша 4-орында тұр. Команда бірінші орында келе жатқан «Порту» ұжымынан 5 ұпайға қалып келеді.

Серіктес жаңалықтары