$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жемқорлардан тәркіленген заттар арнайы аукционда небәрі 5,4 млн теңгеге сатылды

Аукцион арқылы 6 лот (12 бұйым) қана сатылды

Жемқорлардан тәркіленген заттар арнайы аукционда небәрі 5,4 млн теңгеге сатылды
Фото: istockphoto.com

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының мәліметінше, 16-18 қыркүйек аралығында E-Qazyna электронды алаңында өткен аукционда 5,4 млн теңгенің мүлкі сатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компания мәліметіне сүйенсек, барлығы 64 лот (548,1 млн теңгеге бағаланған) саудаға шығарылған. Ең қымбаттарының қатарында: сырға, алқа және сақинадан тұратын жиынтық – 59,8 млн теңге, DE BEERS сырғалары — 110,6 млн теңге, сондай-ақ Ulysse Nardin Classic 789-80 қолсағаты – 150 млн теңге.

Аукцион арқылы 6 лот (12 бұйым) сатылды. Олардың ішінде инвестициялық және сувенирлік монеталар, әшекейлер, сондай-ақ коллекциялық әрі құндылығы бар заттар бар.

«Сатылған мүліктің бастапқы бағасы 4 млн теңгеден асса, соңғы баға 5,4 млн теңгеге жетті. Бұл – бастапқы құнынан жоғары», – делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары