Мизам шуақ күндер келе жатыр: алдағы уақытта Қазақстанда ауа райы 28 градусқа дейін ысиды
Синоптиктер болжамы белгілі болды

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальді бөліктер Республика аумағының басым бөлігіне әсерін сақтайды – найзағай ойнап, жаңбыр жауады, 18-19 қыркүйекте республиканың солтүстік-шығысында, орталығында, оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, күшті жел, бұршақ күтіледі.
Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.
«Ауа температурасы: батыста түнгі температура 5-13°-тан 10-18° жылыға дейін көтеріледі, күндіз 22-28°-тан 18-23° жылыға дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста түнде 1-10° жылы, аймақтың батысы мен солтүстігінде 2° үсік күтіледі, күндіз 18-25° жылы. Солтүстікте түнде 2-10° жылы, батыс пен солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз 14-20°-дан 17-23° жылыға дейін көтеріледі.
Орталықта түнде 5-11° жылыдан 0-8° жылыға дейін төмендейді, батыс пен солтүстік аймақтарда 2° үсік, күндіз 10-18°-дан 15-25° жылыға дейін көтеріледі. Шығыста түнде 2-13° жылы, күндіз 15-23°-тан 10-18° жылыға дейін төмендейді. Оңтүстікте түнде 7-15° жылы, күндіз 20-28° жылы, оңтүстік-шығыста түнде 8-14° жылы, күндіз 15-25° жылы», – делінген синоптиктер болжамында.