$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда алаяқтарға кеткен ақшаны тез қайтарып алудың амалы табылды

Бұл үшін тергеуші қаулы дайындайды, прокурор санкция шығарады

Қазақстанда алаяқтарға кеткен ақшаны тез қайтарып алудың амалы табылды
Фото: istockphoto.com

Енді Қазақстанда алаяқтар алдап алған ақшаны сотқа жүгінбей-ақ қайтарып алуға болады. Бұл өзгеріс 30 тамыздан бастап күшіне енген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктегі бүгінгі баспасөз мәслихатында Ұлттық Антифрод орталығының департамент директоры Айнұр Измайылова мәлім етті.

«Әуел баста алаяқтар алдап алған ақшаны сот арқылы қайтарып алуға болады деген болжам жасалған. Бірақ кейін іс жүзінде бұл ұзаққа созылатынын түсіндік. Сондықтан 30 тамызда күшіне енген өзгерістерге сай, тергеуші қаулы дайындайды, прокурор санкция шығарады. Сол арқылы алаяқтарға алданып қалған азаматтар ақшаларын сотсыз бірнеше күнде қайтарып ала алады», - деп түсіндірді департамент басшысы.

Еске сала кетейік, бұған дейін полиция алаяқтардың ең көп қолданатын 10 айласын жариялаған болатын.

Тәртіп сақшылары ешқашан CVV, PIN, картаның толық деректерін, SMS-кодтарды ешкімге айтпауға кеңес берді. Құқық қорғау органдары, банк немесе байланыс операторлары ақша немесе код сұрамайды.

Серіктес жаңалықтары