$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның бірқатар өңірінде әскери техникалардың қозғалысына байланысты шектеулер болуы мүмкін

«Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Қазақстанның бірқатар өңірінде әскери техникалардың қозғалысына байланысты шектеулер болуы мүмкін
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның бірқатар өңірінде 12 қыркүйектен бастап әскерилердің қозғалысына байланысты уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған қатысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылықтары әскерлерінің қатысуымен «Айбалта-2025» екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

«Дайындық барысында осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап бірқатар облыстардың аумағынан күш-құралдардың қозғалысы қарастырылған. Бөлімшелер (жеке құрам және әскери техника) аралас тәсілмен – темір жол және автокөлікпен жүріп өтеді, содан кейін тұрақты орналасқан пунктеріне қайтады.

ҚР Қорғаныс министрлігі аталған кезеңде жекелеген аудандарда уақытша шектеулер болуы мүмкін екенін мәлімдейді. Азаматтардан сабыр сақтауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз.

Жалған мәліметтерді тарататындар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары