$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы әуежайындағы оқыс жағдай: сот прокурорға қатысты шешім шығарды

9 қыркүйекте прокурордың ұсталғаны жайлы ақпарат тараған болатын

Алматы әуежайындағы оқыс жағдай: сот прокурорға қатысты шешім шығарды
Фото: «АқЖайық»

Ақтау қалалық соты Алматы әуежайында ұсталған прокурор Ерболат Әбдіровке қатысты әкімшілік істі тоқтатты. Оның әрекетінен құқықбұзушылық белгілері табылған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «АқЖайық» басылымына сілтеме жасап.

27 тамыз күні Алматы әуежайында Әбдіров екі жерлесімен танысқан. Алайда ұшаққа апаратын автобустың ішінде олардың арасында жанжал туындаған. Келесі күні әуежайдың желілік полиция бөлімінің қызметкері Әбдіровке қатысты әкімшілік хаттама толтырған. Алайда сотта жерлестерінің оған ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.

Сот автобустың қоғамдық көлікке жатпайтынын ескеріп, сараптама нәтижелері прокурордың есі дұрыс, өзін-өзі ұстауы қалыпты болғанын растағанын атап өтті.

«Әбдіров боқтық сөз қолданбаған, өзгелерге тиіспеген және қоғамдық тәртіпті бұзбаған», – делінген қаулыда.

Іс құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бұл шешім он күн ішінде Маңғыстау облыстық сотына шағымдануға жатады.

Еске сала кетейік, 9 қыркүйекте Ерболат Әбдіровтің ұсталғаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары