12.09.2025, 02:01
Жаңалықтар
Атырау тұрғыны Нигерия азаматымен жанжалдасқаны үшін айыппұл арқалады
Жергілікті тұрғын шетел азаматымен татуласқанына қарамастан іс сотқа жетті
Фото: Ақ Жайық
Автотұрақтағы жанжалдан кейін Атырау тұрғынына ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 55 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап.
«Атырауда автотұрақта жергілікті тұрғын мен Нигерия азаматы арасында жанжал болған. Қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқан тұрғынға қатысты «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп жазды басылым.
Сот хаттаманы және рапорттарды қарап, ер адамды кінәлі деп таныды. Оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Шетелдік азаматтың шағымданбағанына және тараптардың татуласқанына қарамастан іс сотқа жетті.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді