Елімізде биыл қанша тонна астық жиналатыны белгілі болды
Биыл 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 миллион тоннаға аз астық жиналады

2025 жылы Қазақстанда 27,1 млн тонна астық, бұршақ және майлы дақылдар жиналады. Бұл туралы ҚХА ақпарат агенттігіне Қазақстан астық одағы талдау комитетінің басшысы Евгений Қарабанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнім былтырғыдан аз
Оның айтуынша, бұл ел рекордтық астық жинаған 2024 жылмен салыстырғанда 1,4 миллион тоннаға (немесе 5 пайыз) аз.
«Қазақстан астық одағы талдау комитетінің алдын ала болжамы бойынша 2025 жылы Қазақстанда 21,7 млн тонна астық жиналады (2024 жылы 24,6 млн тонна жиналды), оның 16,2 млн тоннасы бидай», - деді ол.
Бұршақ дақылдарының түсімі 1 млн тонна болады деп болжанып отыр. 2025 жылы 4,2 млн тонна майлы дақыл жиналады (2024 жылы – 3,3 млн тонна), оның ішінде күнбағыс – 2,1 млн тонна, зығыр – 1 млн тонна.
2025 жылы ауылшаруашылық дақылдарының болжанған өнімі орташа көпжылдық көрсеткіштерден 20%-ға жоғары.
Бидай сұранысқа ие
Жиналған бидай дақылының құрылымында 1-4 класты азық-түлік бидайы 75%-дан асады.
«Бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Жоғары сапалы бидай ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие болады», - деп атап өтті сарапшы.