$ 538.89  629.53  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көшеде жұрттың мойнынан алқасын, қолынан жүзіктерін ұрлап кетіп жүрген күдікті ұсталды

Оқиға күндізгі уақытта болды

Көшеде жұрттың мойнынан алқасын, қолынан жүзіктерін ұрлап кетіп жүрген күдікті ұсталды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматының Алмалы ауданының полицейлері қала тұрғынының алтын бұйымдарын ашық ұрлады деген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға күндізгі уақытта болды. Беймәлім біреу әйел адамның қолынан алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кетуге әрекет жасаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын және орналасқан жерін шұғыл анықтады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Біз құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтарды заңсыз әрекеттерден қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып келеміз. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деді Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Тимур Иманбеков.

Серіктес жаңалықтары