«Шұғыл шешу қажет»: Тоқаев екінші дәрежелі банктердің қаржысына қатысты тапсырма берді
Президент бұл мәселені депутаттар мен сарапшылар жиі көтеріп жүргенін айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екінші дәрежелі банктер қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ғана ақша салғанды жөн көретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Қазақстан халқына арнаған жолдауынша депутаттар мен сарапшылар көтеріп жүрген мәселелерге тоқталып, оны шешу үшін тиісті тапсырмалар берді.
«Жаңа инвестициялық кезеңді бастау маңызды. Екінші дәрежелі банктер нақты секторға белсенді түрде қаржы салуы керек. Бұл мәселе қоғамда баяғыдан қызу талқыланып жатыр. Осы жұмысты көп созбай, қолға алу қажет.
Қазақстандағы банктердің активтері мен қаражаты дамыған елдерге қарағанда орта есеппен бірнеше есе көп пайда әкеледі. Себебі, біздің банктер экономикаға несие бергеннен гөрі қаржылық тәуекелі төмен бағыттарға ақша салғанды жөн көреді.
Осы мәселені депутаттар, сарапшылар үнемі көтеріп жүр. Ұлттық банк пен Үкімет банктердің ақшасын экономикаға барынша тартудың тиімді әдістерін табуы қажет. Енді бұл мәселені созуға болмайды. Шұғыл шешу қажет», – дейді мемлекет басшысы.