$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айтыскер ақын мектепте оқып жүргенде «Жүрсін Ерманға» алданып қалғанын айтты (ВИДЕО)

Бек Шымат бағдарлама қонақтарын қыран-топан күлкіге қарық қылды

Айтыскер ақын мектепте оқып жүргенде «Жүрсін Ерманға» алданып қалғанын айтты (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Айтыскер ақын Бек Шымат 10-сыныпта оқып жүргенде өзін Жүрсін Ерманмын деп таныстырған актерге алданып қалғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қызықты естелігін «1001 түн» бағдарламасында бөлісті.

«Бір күні актер Бақытжан Қасымов Жүрсін Ерман болып маған хабарласты. Дауысын алғаш рет естіп тұрғандықтан, қолым дірілдеп, сасып қалдым. Арнау айтасың ба, ей? деп сұрады. Болды аға, бәрін тастап, барамын дедім. Екінші рет қоңырау шалып, ұйқастарыңды дұрыстап кел деп ескертті. Сосын өзім хабарласып, «Аға, арнау не жайында» деп едім, «Никита деген орыс шал қайтыс болыпты, соның жанасында арнау айту керек», - деді. Сіздерге бір қызық айтайын ба, мен сол арнауға дайындалдым ғой», - деп күлді ақын.

«Көзімнің ағы менен қарасындай,

Никита ағам еді дәл осындай,

Орыс болса да, қазақтың баласындай, - деп өлең шығардым», - деген Бек Шымат жүргізушілер мен бағдарлама қонақтарын қыран-топан күлкіге қарық қылды.

Серіктес жаңалықтары