$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда тыржалаңаш жігіт көшеде дәрет сындырды (ВИДЕО)

Бұзақының бұл әрекеті тұрғындардың жағасын ұстатты

Ақтауда тыржалаңаш жігіт көшеде дәрет сындырды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда ер адам көшеде тыржалаңаш жүрді. Ерекше оқиғаға18-ші шағын ауданның тұрғындары куә болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалаңаш бұзақы тұрғындарды шошытты

Оқиға орнында түсірілген фото-видеолар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерге тез тарап кетті. Кадрларда жалаңаш ер адамның тротуарда дәрет сындырып жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, 20-25 жастағы ер адам жат қылық танытқан, ол психоактивті заттарды қолданған болуы мүмкін. Әзірге полиция мен дәрігерлер ресми түсініктеме берген жоқ.

Бұл өңірдегі жалғыз оқиға емес

Айта кетері, мұндай жағдай қалада алғаш рет болып отырған жоқ. Шілде айында жалаңаш ер адам Ақтауды аралап, әскерилермен жайбарақат сөйлескен. Бейнежазба авторы бұл ер адамның бұған дейін кішкентай қызға тап бергенін айтты.

Дәл осындай оқиға сол айдың соңында да болды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Онда тыржалаңаш адамның көпқабатты үйдің кіреберістерін айнала жүгіріп, тұрғындарды қорқытып, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын көруге болады. Куәгерлер оны тоқтатуға тырысқан, бірақ ол тез қашып кетті.

Ал тамыз айының басында тағы бір жалаңаш ер адам Ақтау іргесіндегі демалыс орындарының бірінде қыздар бөлмесіне кіріп кеткен. Құқық бұзушы ұсталды, ол өз кінәсін мойындады.

Серіктес жаңалықтары