Тәуекел Мүсілім өз әкесінің рөлін сомдады (ВИДЕО)
Жігер Ауыпбаев жаңа әні жақында клипімен бірге шығатынын мәлімдеді

Актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім бейнебаянда өз әкесінің рөлін сомдады. Бұл туралы әнші Жігер Ауыпбаев Instagram парақшасында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жігер Ауыпбаев жаңа ән жаздырған. Айтуынша ән жақында клипімен бірге шығады.
«Бейнебаянда Сабыр Мүсілім ағамыздың баласы Тәуекел Мүсілім өз әкесінің рөлін сомдады», - дейді әнші.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жігер Ауыпбаевтың ағыл-тегіл жылап тұрған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Әнші Instagram парақшасында жариялаған бейнежазбасына «Кейде сағынып кетесің…» деген түсініксіз жазба қалдырған. Сонымен бірге жаралы жүрек пен сәби бейнесі бар эмодзилер қосылған.
Бейнежазба фонында Жігер Ауыпбаевтың «Ұлың маған ұқсаған» атты әні естіледі. Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін әртүрлі қабылдады. Кейбірі эмоциясын ашық көрсетуін қолдаса, енді бірі сын айтты:
- «Ер адамға жылаған жараспайды…»
- «Әйел адам бекер ажыраспайды. Жас кезіңізде бағаламаған боларсыз…»
- «Сағынған адамыңызбен жолығыңыз…»
- «Енді еркектер жылап шығу трендке айналды ма?..»
Тағы бір айта кетері, әнші Revuenews бағдарламасына берген сұхбатында тыңдарманына алғаш көргенде ғашық болғанын айтты. Өнер иесі ол аруды туған жеріне концертке барған кезде жолықтырған.Танымал әнші Нұрлан Еспанов өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаевтың шетелдік қалыңдығының бетін ашқаннан кейінгі әсері туралы ой бөлісті. Оған дейін оның африкалық бойжеткенге үйленген видеосы желіде тараған еді.