$ 512.32  582.92  6.29
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әнші Жігер Ауыпбаевтың шетелдік бойжеткенге үйленгені туралы ақпарат тарады

Беташарға жиналған жігіттердің әрекеті жұрттың ашуын туғызды

Әнші Жігер Ауыпбаевтың шетелдік бойжеткенге үйленгені туралы ақпарат тарады
Фото: Видеодан скрин

Танымал әнші Жігер Ауыпбаевтың африкалық бойжеткенге үйленген видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Африкалық жас келіннің беташарын Жігер Ауыпбаевтың өнердегі әріптесі, әнші Нұрлан Еспанов өткізгенін байқауға болады. Желідегі мәліметтерге сүйенсек, бұл әншінің әріптестеріне жасаған әзілі екені айтылады.

Дегенмен беташарға жиналған жігіттердің әрекеті жұрттың ашуын туғызды.

«Мәдениеттен жұрдай,не күлкі мынау? Өйтіп мазақ қылып түсірмеңдер!», «Жабайыланып күлгендері несі. Ана қыздан ұят болды ғой», «Өзге ұлтқа деген құрмет қайда? Мәдениеттен жұрдай, дарақыланып», «Күлкілі емес, мазақтап тұрғой олар ана қызды. Ұят болды», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Жігер Ауыпбаев жуырда Роза Қажымұқан есімді арумен шаңырақ көтерген.

Серіктес жаңалықтары