01.05.2025, 20:07
Жаңалықтар
«Шынымен бе?»: Нұрлан Еспанов Жігер Ауыпбаевтың шетелдік қалыңдығы туралы айтты (ВИДЕО)
Нұрлан Еспанов әріптесінің әзіліне қатысты өз ойын айтты
Фото: Видеодан скрин
Танымал әнші Нұрлан Еспанов өнердегі әріптесі Жігер Ауыпбаевтың шетелдік қалыңдығының бетін ашқаннан кейінгі әсері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрлан Еспанов қалыңдықтың бетін ашу үшін неліктен үлкендер келмегені туралы ой пайда болғанын жасырмады.
«Жастар бақытты болсын, бір жастықта қартайсын деп сұхбат беріп қойдым. Бір шетінен ойладым, неліктен үлкендер жоқ деп. Ашып қалып, шынымен бе деп ойлап тұрмын ғой. Содан жаңа шыққан кезде ғана көрдім (ред. – қалыңдықты)», - дейді Нұрлан Еспанов.
Айта кетейік, Жігер Ауыпбаевтың шетелдік қалыңдығы туралы желіге таралып кетті. Алайда көп ұзамай әншінің әріптестеріне пранк жасағаны белгілі болды.
Көп оқылған
17.11.2026, 12:41
ҚазҰУ-дегі студенттің қазасынан кейін проректор мен факультет деканы жұмысынан кетті
Бүгін, 08:22
«Төрт сағат жолда жатып қалған»: Қарағанды облысында оқушы қызды қағып өлтіріп алған әйел оқиға орнынан қашып кеткен
Редактордың таңдауы
17.11.2026, 10:17
Моңғолия президенті тікелей эфирде отставкаға кететінін мәлімдеді
