АҚШ пен Украина табиғи ресурстар туралы келісімге ақыры қол қойды
АҚШ-тың қаржы министрі қазіргі геосаяси жағдай аясындағы келісімнің саяси маңыздылығын айтты

Киев пен Вашингтон бірлескен тау-кен өндіру және Украинаны қалпына келтіру үшін инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бұл келісім «Ресейдің толық ауқымды басып кіруі басталғаннан бері Америка халқының Украинаны қорғауға көрсеткен елеулі қаржылық және материалдық қолдауын мойындау үшін» жасалғаны айтылған.
«Бұл экономикалық ынтымақтастық екі елге ортақ активтеріміз, таланттарымыз бен мүмкіндіктеріміз Украинаның экономикасын қалпына келтіруді жеделдету үшін біріге жұмыс істеуге мүмкіндік береді», - деді АҚШ қаржы министрлігі.
Бұл ретте қаржы министрлігі тараптар «бағдарламаның қалай басқарылатынын түпкілікті бекіту және осы маңызды серіктестікті дамыту» бойынша жұмыс істейтінін түсіндіреді.
АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент қазіргі геосаяси жағдай аясындағы келісімнің саяси маңыздылығын атап өтті.
«Президент мәлімдегендей, Америка Құрама Штаттары осы қатыгез және мағынасыз соғысты тоқтату үшін көмектесуге ниетті. Бұл келісім Ресейге Трамп әкімшілігінің ұзақ мерзімді перспективада еркін, егемен және гүлденген Украинаның бейбітшілік үдерісіне ұмтылатынын білдіреді», - деді Бессент.
Құжатқа қол қою туралы Вашингтонда сапармен жүрген Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко да мәлімдеме жасады.
«АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессентпен бірге мен АҚШ-Украинаны қалпына келтіру инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойдым. Президенттерге лидерліктері үшін алғыс білдіремін. Келісімге атсалысқан және оны мағыналы еткен барлық адамға рахмет. Құжат қазір екі елдің де табысына кепілдік бере алатын құжат», - деп жазды ол Facebook парақшасында.