$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

1,2 млрд теңге әлеуметтік төлем заңсыз игерілген – ҚМА

Жүктілік пен босану жәрдемақыларына қатысты заңсыз схемалар анықталды

1,2 млрд теңге әлеуметтік төлем заңсыз игерілген – ҚМА
Фото: Azattyq-ruhy

Қаржылық мониторинг агенттігі жүктілік пен босану жәрдемақыларына және атаулы әлеуметтік көмекке қатысты заңсыз схемаларды анықтады. Тергеу деректеріне сүйенсек, 2024-2025 жылдары жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге шығын келтірілген 13 іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның ішінде 10 іс қосымша табыс табу үшін жасалған жалған жұмысқа орналастыру фактілеріне қатысты. Салдарынан 385 адам жалған құжаттар арқылы 1 млрд теңге көлемінде жәрдемақы алған.

Үкімдер мен қылмыстық істер

ҚМА мәліметінше, Ақтөбе облысында Үмірбекова мен Баймұрзаева 487 млн теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға сотталды; Шымкентте Дүйсенова 98 млн теңгені заңсыз иемденгені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды; Атаулы әлеуметтік көмекке қатысты тағы үш қылмыстық іс тергелуде. Бұл істерде 15 әкімдік қызметкері күдікті ретінде қарастырылуда.

Схемаларға бөлім басшылары мен бас бухгалтерлер қатысып, жалған тұлғаларды әлеуметтік көмек алушылар тізіміне қосқан.

Жаңа ережелер мен цифрландыру

ҚМА өкілдері атап өткендей, eGov электронды порталы арқылы цифрландырудың енгізілуі мұндай алаяқтық әрекеттердің жолын кесті. Бұған қоса, жәрдемақы тағайындау ережелеріне өзгерістер енгізілген. Енді артқа шегеріліп төленген зейнетақы жарналары есепке алынбайды

Серіктес жаңалықтары