06.09.2025, 12:02
Жаңалықтар
Астанадағы көшелердің бірі уақытша жабылады
Онда жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: © istockphoto.com
Астана қаласында Ақбидай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 6-7 қыркүйек күндері жолдың үстіңгі қабаты төселеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шектеу Өндіріс көшесінен бастап Көкше Кемеңгерұлы көшесіне дейінгі аралықта енгізіледі.
Қозғалысты ұйымдастыру
Жұмыс барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін:
- уақытша жол белгілері орнатылады;
- арнайы бағыттауыштар қойылады;
- жүргізушілерге алдын ала жол қозғалысын жоспарлау ұсынылады.
Қала тұрғындары мен қонақтарына мүмкіндігінше балама жолдарды пайдалануға кеңес беріледі.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды