$ 537.91  628.87  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада түнгі клубтардың бірінде «күлдіретін газ» қолданған жастар қамауға алынды

Прокуратура бастамасымен рейд жүргізілді

Астанада түнгі клубтардың бірінде «күлдіретін газ» қолданған жастар қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен полиция департаменті елорданың 15 ойын-сауық мекемесінде рейд жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңсыз заттар мен әкімшілік қамау

Рейд барысында клубтардан жеті баллон азот тотығы мен 14 қаптама әуе шарлары тәркіленді. Оларды жастар «күлдіргі газ» ретінде демалу үшін қолданған.

Нәтижесінде төрт азамат ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы бойынша 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қатаң бақылаудағы жұмыс

Прокуратураның мәліметінше, есірткілер мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз қолдану фактілерін анықтау және жолын кесу тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыс астаналық прокуратураның ерекше бақылауында тұр.

«Күлдіргі газ» жайлы

Ғылыми атауы – азот тотығы. Ол ресми түрде есірткіге жатпайды, бірақ күшті әсер ететін заттар санатына кіреді. Қазақстан заңнамасына сәйкес, оны медициналық мақсаттан тыс қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары