Арқалықта отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндірген компания басшылары дауға қалды
Қостанай облысында тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕУПОРСНАБ» ЖШС басшыларына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатып келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қандай құқық бұзушылыққа жол берілген
Агенттік мәліметінше, техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру – жай ғана азаматтық дау емес. Бұл – халықтың меншігіндегі табиғи ресурстарды ұрлау, сондай-ақ мемлекетке экономикалық және экологиялық тұрғыдан зиян келтіретін қылмыстық әрекет.
Күдіктілерден жауап алынды
ЖШС директоры адвокаттың қатысуымен жауап берді. Оның құқықтары толық сақталды, ешқандай мәжбүрлеу шаралары қолданылған жоқ.
Қоғамға ескерту
Тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.
Агенттік қоғамға ресми ескерту жасады: шындыққа сай келмейтін ақпарат тарату – тергеуге кедергі келтіру болып саналады.