$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде жаңадан жөнделген көпір опырылып түсті: оған биыл 600 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған

Қаланың маңызды көпірі қирады

Өскеменде жаңадан жөнделген көпір опырылып түсті: оған биыл 600 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған
Фото: instagram.com/akyshovalmat

Өскемендегі Шнайдар көпірінде орталық бөліктің бір бөлігі опырылып түсті. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Алайда көлік қозғалысы толығымен тоқтады. Оның жөндеуіне биыл 600 млн теңгеден аса қаржы жұмсалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі КТК телеканалына сілтеме жасап хабарлайды.

Қауіп сейілген жоқ: екінші бөлігі де опырылуы мүмкін

Құтқарушылардың айтуынша, дәл сондай тағы бір бөлік те опырылу қаупінде тұр. Осыған байланысты қаладағы өткелдердің бәрінің жағдайы толық тексерілетін болды.

600 млн теңгеге жөнделген көпір қайта қирады

Тұрғындар арасында наразылық күшейді. Себебі бұл көпір 2023 жылдың қарашасында жөндеуге жабылып, тек 2024 жылдың наурызында ашылған еді. Сол кезде жөндеу жұмыстарына 600 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған.

Билік уәждері және жоспарланған мерзім

Қала әкімі Алмат Ақышевтың айтуынша, мердігер компанияның кепілдік міндеттемелері бар. Сондықтан жөндеуді солар атқарады.

«Барынша қысқа мерзімде, шамамен екі-үш айда көпірді қайта қалпына келтіреміз», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Өскемен #көпір