$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Танымал банктердің экс-қызметкерлері алаяқтық жасап, клиенттеріне 3,7 млрд теңге несие рәсімдеген

Ақмола облысында 3,7 млрд теңгелік алаяқтық ісінің тергеуі аяқталды

Танымал банктердің экс-қызметкерлері алаяқтық жасап, клиенттеріне 3,7 млрд теңге несие рәсімдеген
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысының прокуратурасы әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды ұрлап, олардың атына ірі көлемде банктік несие рәсімдеген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

25 адамнан құралған топ

ҰҚТ құрамына еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам кірген. Олардың арасында бірқатар банктің («Kaspi Bank», «ForteBank», «Еуразиялық банк», «Jusan Bank») қызметкерлері бар. Топ мүшелері 5 жылдан астам уақыт бойы алаяқтықпен айналысқан.

348 адам зардап шекті

Жалпы 348 азамат қылмыстың құрбаны болды. Келтірілген шығын көлемі – 3,7 млрд теңге. Тергеу барысында Алматы қаласындағы пәтерлер, жер телімдері, қымбат көліктер мен қолма-қол ақшалар тәркіленді. Олардың жалпы құны 2,7 млрд теңгеге бағаланды.

Сот шешім шығарады

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс процесс қатысушыларына танысуға берілді. Қорытынды шешімді сот қабылдайды.

Прокуратура азаматтарды алаяқтарға сенбеуге шақырды.

Серіктес жаңалықтары