$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада ер адам бір түнде көлік ұрлап, тағы екеуін тонап кетті (ВИДЕО)

Бір түнде үш қылмыс жасаған күдікті ұсталды

Астанада ер адам бір түнде көлік ұрлап, тағы екеуін тонап кетті (ВИДЕО)
Фото: istockphoto.com

Астанада бір түнде бір көлікті айдап әкетіп, тағы екі рет көлік салонынан ұрлық жасаған 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыстың мән-жайы

Мас күйінде күдікті әуелі Мұхтар Әуезов көшесінде «Lada» көлігін айдап кеткен. Кейін тұрақтағы «КамАЗ» жүк көлігінің терезесін сындырып, магнитола мен иесінің жеке заттарын ұрлап, 200 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Одан соң Дүкенұлы көшесінде «Skoda Octavia» көлігінің әйнегін сындырып, салоннан 500 АҚШ долларын қолды еткен.

Қазір тергеу жүріп жатыр

Бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті автокөлік иелерін бағалы заттарды салонда қалдырмауға, дабылқаққыш орнатуға және күзетілетін тұрақтарды пайдалануға шақырды.

Серіктес жаңалықтары