$ 540.05  629.16  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Чехияның экс-премьер-министріне шабуыл жасалды

Саясаткер басынан жарақат алды

Чехияның экс-премьер-министріне шабуыл жасалды
Фото: radio.cz

Чехияның бұрынғы премьер-министрі, оппозициялық ANO қозғалысының жетекшісі Андрей Бабишке сайлауалды кездесу кезінде шабуыл жасалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шабуыл елдің шығысындағы Добра ауылында болды. Қауіпсіздік қызметкерлері дереу әрекет етіп, күдіктіні ұстап, полицияға тапсырды. Құқық қорғау органдары X әлеуметтік желісінде қылмыстық істің тергеліп жатқанын растады.

2017–2021 жылдары Чехия үкіметін басқарған Андрей Бабиш оқиғадан кейін ауруханаға түсіп, дәрігерлер тексерген. Оның жарақаты қандай деңгейде екені туралы әзірге ақпарат жоқ.

ANO қозғалысының бірінші орынбасары Карел Гавличек бұл оқиғаны «саяси қарсыластардың өшпенділік науқанының салдары» деп бағалады.

Ал Чехияның ішкі істер министрі Вит Ракушан X парақшасында мәлімдеме жасап, кез келген түрдегі зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын айтқан.

«Мен Андрей Бабишке жасалған бүгінгі шабуылды айыптаймын. Елдің болашағы тек идеялар мен пікірталастар арқылы шешілуі тиіс, ал күш қолдануға орын жоқ», – деп жазды ол.

 

Серіктес жаңалықтары