$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада сот орындаушылар жұрттың ақшасын ұрлап, құмар ойындарға салып жіберген

Астана қаласында сот орындаушылар өндіріп алушылардың ақшасын жымқырғаны анықталды

Астанада сот орындаушылар жұрттың ақшасын ұрлап, құмар ойындарға салып жіберген
Фото: istockphoto.com

Астана қаласында екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлдардан түскен қаражатты мемлекет қазынасына аудармай, жымқырып келгенін анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаражат құмар ойындарға жұмсалған

Тексеру нәтижесінде сот орындаушылардың өкілеттігін асыра пайдаланып, ақшаны жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған. Жалпы шығын 26 млн теңгеден асқан.

Шығын өтелді, лицензиядан айыру қарастырылуда

Сотқа дейінгі тергеу барысында келтірілген шығын толық өтелді. Енді уәкілетті орган сот орындаушыларын лицензиясынан айыру мәселесін қарастырып жатыр.

Алдын алу шаралары ұсынылды

Қайталамау үшін қарыз сомасын тікелей өндіріп алушыларға аудару және атқарушылық санкцияларды есептеу үшін жасанды интеллектті қолдану ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары