$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында алапат өрт: үш адамның мәйіті табылды

30 гектар аумақта құрғақ шөп жанды

Алматы облысында алапат өрт: үш адамның мәйіті табылды
Фото: Freepik.com

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Тұрар ауылы маңында құрғақ шөп өртеніп, жалын 30 гектар аумақты шарпыды. Ощиға орнынан үш адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өрт 7 саяжай үйі мен бірнеше нысанды шарпыды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 30 тамыз күні сағат 15:50-де түскен.

Оқиға кезінде 7 саяжай үйі, 6 шаруашылық құрылысы, жалпы аумағы 531 шаршы метр нысан, Honda Civic автокөлігі, шөп қора мен 132 шаршы метрлік қора-жай және 80 шаршы метр тұрғын үй отқа оранды.

Үш адамның мәйіті табылды

Өрт аумағын тексеру кезінде үш адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Өрт сөндіру жұмысы

Алматы облысы ТЖД бөлімшелерінің жедел әрекеті арқасында өрт 00:20-да толықтай оқшауланды. Өрттің себебін анықтау үшін арнайы тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Таудағы өртпен күрес жалғасуда

ТЖД мәліметінше, осыған дейін Шамалған ауылдық округіндегі мемлекеттік жер қорында шамамен 15 гектар аумақта құрғақ шөп жанған. Қазір құтқарушылар таудағы өртпен күресіп жатыр.

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы 8 рет су шашып үлгерген. Жалпы 147 адам мен 21 техника өртті сөндіруге жұмылдырылды.

Қауіпсіздік қамтамасыз етілді

ТЖД бастығы оқиға орнында болып, жұмыстарды жеке өзі үйлестіруде. Құтқарушылар тәулік бойы еңбек етіп, халыққа қауіп төндірмеу және жабайы жануарларды қорғау үшін әрекет жасауда. Қазір жағдай бақылауда, елді мекендерге қауіп жоқ.

Серіктес жаңалықтары