$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандыда өткен ауқымды концертте жүздеген бала адасып кетті

Қарағандыда Шахтерлер күні өтті

Қарағандыда өткен ауқымды концертте жүздеген бала адасып кетті
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында Шахтерлер күніне орай өткен ауқымды іс-шарада 235 бала адасып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарағандыда Шахтерлер күні мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Орталық алаңға 120 мыңға жуық қала тұрғыны мен қонақтары жиналып, мерекелік концертке куә болды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, іс-шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1000-нан астам полиция қызметкері және Ұлттық ұланның 300 әскери қызметшісі жұмылдырылды.

Мерекеде бірде-бір құқық бұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен, халық көп шоғырланған орында балалардың адасып қалу жағдайлары тіркелді. Барлығы 235 бала уақытша ата-анасынан ажырап қалған.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында олардың барлығы қысқа уақыт ішінде табылып, ата-анасына аман-есен табысталды. Осы мақсатта тәртіп сақшылары концерттің жүргізушілерімен тұрақты байланыс орнатып, табылған балалар жайлы жедел хабар таратып отырды.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі үшін арнайы автобус бөлініп, онда бүлдіршіндер ата-анасы келгенге дейін бақылауда болды. Бұл оқиға полиция қызметінің басты қағидаты – азаматтардың қауіпсіздігін қорғау мен жәрдемдесуге әрқашан дайын екендігінің айқын көрінісі болды.

Серіктес жаңалықтары