$ 539.55  627.55  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Трамп әлеуметтік желіде түсініксіз жазба жариялады

Бұл ел ішінде қызу талқылауға себеп болды

Трамп әлеуметтік желіде түсініксіз жазба жариялады
Фото: Instagram/realdonaldtrump

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің Truth Social парақшасында ерекше сурет жариялап, бұл ел ішінде қызу талқылауға себеп болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жазба не туралы?

Суретте Трамп Жер шарының алдында қолдарын көтеріп тұр. Оның бір алақанында Q+ символы бейнеленген.

Посттың астында «Әлем жақында түсінеді. Келе жатқан нәрсені ештеңе тоқтата алмайды» деген жазу бар.

АҚШ президенті бұл жазбаны ешқандай түсіндірмесіз жариялаған.

Қоғам реакциясы

Бұл жарияланым америкалық қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары сурет пен жазуды түрліше жорып жатыр:

  • кейбіреулер мұны алдағы сайлау науқанына жасалған ишара деп бағаласа;
  • басқалары Трамптың QAnon қозғалысына байланысты белгі қалдыруы мүмкін деп болжайды;
  • тағы бір бөлігі постты жай ғана символикалық қадам ретінде қабылдаған.

Бұған дейін де осындай жағдай болған

Трамптың әлеуметтік желідегі жазбалары саяси дискуссияға жиі себеп болып келеді. Бұған дейін ол түрлі бейнелер мен сөз тіркестерін жариялап, өз жақтастарын жігерлендіретін немесе қарсыластарына ишара білдіретін мәлімдемелер жасаған.

Серіктес жаңалықтары