31.08.2025, 18:11
Жаңалықтар
Астана әуежайы екі айға жуық уақытқа жұмысын шектейді
Әуежай әкімшілігі ресми ақпарат таратты
Фото: t.me/nqzairport
Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы негізгі ұшу-қону жолағын уақытша жабатынын хабарлады. Бұл шешім жөндеу жұмыстарына байланысты қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшу-қону жолағы қашан жабылады?
Әуежай әкімшілігінің ресми ақпаратына сәйкес, негізгі ұшу-қону жолағы келесі күндері жұмыс істемейді:
- 1–4 қыркүйек 2025 жыл
- 8 қыркүйек – 31 қазан 2025 жыл
Аталған күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін ұшақтардың ұшуы мен қонуы уақытша тоқтатылады.
Ал 5–7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы ашық болады, рейстер кестеге сәйкес орындалады.
Жолаушыларға ескерту
Әуежай басшылығының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары кезінде рейстердің кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты жолаушыларға мынадай кеңес беріледі:
- ұшар алдында өз әуе компаниясынан нақты уақытты тексеру;
- әуежайға ертерек келу;
- рейстің өзгеруі не кешігуіне дайын болу.
Көп оқылған
04.06.2026, 09:59
Түркістан облысында бір отбасының екі баласы суға ағып кетті (ВИДЕО)
04.06.2026, 11:25
«Қалаған түсім бұл емес еді»: Алматы облысында шашын боятқан әйел сұлулық салонынан 40 мың теңге өндіріп алды
04.06.2026, 15:24
Шымкентте әйел адам блефаропластика жасатамын деп бір көзінен айырылды
04.06.2026, 08:17
Қазақстанда шетелдік интернет-дүкендерге жаңа талаптар енгізілуі мүмкін
04.06.2026, 11:49
Степногорск әкімдігі жүздеген миллион теңгені ысырап етпек болған: әкім орынбасары жазаланды
04.06.2026, 07:29
Найзағай, аптап ыстық: 4 маусымға арналған ауа райы болжамы