$ 538.54  628.31  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Құттықтасаңыздар болады»: Дина Төлепберген қуанышты жаңалығын бөлісті

Ол бұл жолдың оңай болмағанын жеткізді

«Құттықтасаңыздар болады»: Дина Төлепберген қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген көпшілікпен бұрын-соңды айтпаған қуанышын бөлісті. Журналист Каспий теңізінде 5 шақырымдық қашықтықты жүзіп өткенін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Оңай болған жоқ»

Төлепберген Instagram парақшасында бұл жетістікке оңай жетпегенін, алайда өзіне үлкен сабақ болғанын жазды.

«Ал енді құттықтасаңыздар болады! Дина қыздарыңыз Каспийде 5 км жүзіп өтті. Шынымды айтсам, оңай болған жоқ. Көл болса да, теңіз дейтініміз бекер емес екен. Бірақ ол туралы ертең айтамын. Ал бүгін – өзіме алғыс айтып үйренуім керек. Бастысы, адамның мүмкіндігі шексіз екеніне тағы көзім жетті», – деп жазды тележүргізуші.

Қазақстандықтардың қолдауы

Желі қолданушылары тележүргізушінің жетістігін жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды:

  • «Мықтылығыңызға тәнтіміз!»
  • «Әйелдерге үлгі боларлық қадам жасадыңыз»;
  • «Жаңа мақсаттарға шабыт бердіңіз» деп жазды қолданушылары.

Контекст

Айта кетсек, бұған дейін тележүргізуші Дина Төлепберген ерлі-зайыптыларға бір-біріне деген сезімді күшейтуге қатысты кеңес айтты. Сонымен қатар қазақтың ұлттық киімін киіп, пилонда жаттығу жасаған бойжеткенге араша түсті. Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген араға 15 жыл салып, алғаш рет күйеуінің фотосын жариялады. Ал оның кезекті бағдарламасына арнап дайындаған образы жұртты шошытты. Сондай-ақ Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова тікелей эфирде қойылған орынсыз сұрағы үшін тележүргізуші Дина Төлепбергенмен сөзге келіп қалды.

Серіктес жаңалықтары