$ 537.76  627.62  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында екі баланы ұрып-соғу фактісіне қатысты тың ақпарат шықты

Қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді

Жамбыл облысында екі баланы ұрып-соғу фактісіне қатысты тың ақпарат шықты
Көрнекі фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев

Жамбыл облысында балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қозғалған қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді. Бұл істі сот қарайтын болады», - деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, ол қамауға алынған еді. Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.

Аталған қылмыстық іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.

Еске сала кетейік, мал баққан балалар өгей әкесінің ауыр жұмысқа салып, жиі қол көтеретінін айтып шағымданған. Дәлелі ретінде денесіндегі көгерген, жара болған тұстарын көрсетеді. Балалардың мұндай хәлін ауыл тұрғыны байқап, туыстарына хабар берген.

Серіктес жаңалықтары