$ 537.76  627.62  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жер астына ірі есірткі зертханасын ашып алған қылмыскер 8 жылға сотталды

Операция барысында полиция қызметкерлері 21 келіден астам дайын мефедрон тәркіледі

Алматыда жер астына ірі есірткі зертханасын ашып алған қылмыскер 8 жылға сотталды
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматыда жерасты есірткі зертханасын ұйымдастырған Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зертхананың әшкереленуі

Зертхана Медеу ауданындағы жеке секторда орналасқан. Өткен жылдың қазан айында жүргізілген арнайы операция барысында полиция қызметкерлері 21 келіден астам дайын мефедрон, химиялық реагенттер, есірткі өндіруге және буып-түюге арналған құрал-жабдықтарды тәркіледі.

Ресми түсініктеме

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев бұл үкімді атқарылған жұмыстардың заңды нәтижесі деп атап өтті:

«Мұндай қылмыстар қоғам үшін үлкен қауіп төндіреді. Біздің мақсатымыз – жеткізу арналарының жолын кесіп, синтетикалық есірткінің таралуына жол бермеу және жастарды есірткі қауіпінен қорғау».

Қатаң жауапкершілік

Алматы полициясы есірткі өндіру мен таратудың заң бойынша қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары