«ҚазАвтоЖолдың» жаңа камераларына Шымкент пен Қызылорданың жүргізушілері көп түскен
Қазақстанда орташа жылдамдықты жүйесі іске қосылғалы Шымкент пен Қызылорданың жүргізушілері көп айыппұл арқалады

Қазақстанда республикалық жолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылғаннан бері 109 мыңнан астам жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдарда орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі енгізілген болатын. Бақылау камералары түзу жол учаскелерінде орнатылып, көлік жүргізушілерінің қашықтықты өтуге жұмсаған уақыты бойынша орташа жылдамдығы есептеледі.
6 айда – 109 мыңнан астам ереже бұзушылық
Наурыз-тамыз аралығында жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 109 мыңнан астам жағдай анықталды.
Көлік жүргізушілері ең көп жылдамдық асырған учаскелер:
- Шымкент-Қызылорда – 54 863,
- Астана-Щучинск – 29 330,
- Астана-Павлодар – 18 188.
Ал ең аз бұзушылық тіркелген бағыттар:
- Павлодар-Семей-Қалбатау – 3 882,
- Шымкент-Тараз – 1 980,
- Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) – 526,
- Орал-РФ шекарасы (Саратов) – 365,
- Жібек Жолы-Теміртау – 164.
Қай жолдарда бақылау жүргізіледі?
Қазір орташа жылдамдықты бақылау мына учаскелерде орнатылған:
- Астана – Щучинск (140 км/сағ),
- Астана – Павлодар (140 км/сағ),
- Шымкент – Қызылорда (110 км/сағ),
- Шымкент – Тараз (110 км/сағ),
- Павлодар – Семей – Қалбатау (100-110 км/сағ),
- Орал – РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ),
- Павлодар – РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ),
- Жібек Жолы – Теміртау (140 км/сағ).
Жол қауіпсіздігі үшін
Мамандардың айтуынша, орташа жылдамдықты асыру жол-көлік оқиғаларының қаупін арттырады. Ал жаңа жүйе жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.