$ 537.76  627.62  6.7
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда іздеуде жүрген 9 адам ұсталды

Алматыда бір тәулікте 24 қылмыстың беті ашылды

Алматыда іздеуде жүрген 9 адам ұсталды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласында 26 тамыздан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Полицияның алғашқы күнгі жұмысы нәтижесінде бір тәулікте 24 қылмыс әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қылмыс пен құқық бұзушылық фактілері

Анықталған қылмыстардың ішінде мынандай істер бар:

  • Ұрлық;
  • алаяқтық;
  • есірткі мен қаруды заңсыз сақтау;
  • мас күйінде көлік жүргізу.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері:

  • бұрын жасалған 14 қылмысты ашты;
  • іздеуде жүрген 9 адамды ұстады;
  • «нелегал» санатында есепте тұрған 13 адамды анықтады.

1 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға да ерекше назар аударды. Бір тәулікте 1 000-нан астам жағдай тіркелді. Көбіне бұл – қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тыныштықты бұзу және ұсақ бұзақылықтар.

Полицияның басты мақсаты

«Профилактика жылы аясында полиция қызметкерлері президенттің «Заң және тәртіп» қағидасына сәйкес әрекет етуде. Басты мақсат – құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу. Азаматтардың өздерін қауіпсіз сезінуі және қалада құқықтық тәртіптің сақталуы маңызды», – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Іс-шара 28 тамызға дейін жалғасады.

Серіктес жаңалықтары