28.08.2025, 15:23
Жаңалықтар
Тоқаев Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Тоқаев Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілін қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілі – сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады.
Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.
Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.
Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды