28.08.2025, 09:57
Жаңалықтар
Жетісу облысында Еуропаға заңсыз балық экспортталған: мемлекетке залал 80 млрд теңгеден асты
4 920 тонна балық экспортталған – бұл лимиттен 18 есе көп
Фото: freepik.com
Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы балық ресурстарының заңсыз айналымына қатысты ауқымды бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң бұзушылықтың мәні
- Балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес компания құрған.
- Бұл компаниялар арқылы Еуропа елдеріне балық өнімдері заңсыз экспортталған.
- Еншілес компанияларда бекітілген су қоймалары мен балық аулауға квоталар болмаған, экспортқа рұқсат алынбаған.
- Мысалы, бір серіктестікке балық аулауға 270 тонна лимит белгіленген болса да, 4 920 тонна балық экспортталған – бұл лимиттен 18 есе көп.
Зиян көлемі
Уәкілетті органның есептері бойынша, заңсыз әрекеттерден келген залал көлемі 80 миллиард теңгеден асты.
Құқықтық шаралар
Анықталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
25.11.2026, 10:11
Төрағасы – Смайылов: Тоқаев «Халықтық құрылыстың» қаражатын бақылайтын комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 09:15
Голан жоталарындағы қызмет: Қазақстаннан барған жеті әйелдің біреуі Бейруттағы жарылыстан жараланғандарды емдеген
