$ 533.87  621.64  6.64
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бұл сәт естен кетпейді»: Мәдина Сәдуақасова өте қымбат сыйлық ұтып алды

Әнші тойдағы конкурстан IPhone 16 Pro Max ұтып алғанын айтты

«Бұл сәт естен кетпейді»: Мәдина Сәдуақасова өте қымбат сыйлық ұтып алды
Фото: @sadvakasovamadina

Әнші Мәдина Сәдуақасова кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзованың қыздарының тұсаукесер тойында бағалы сыйлық ұтып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жазды.

«Кішкентай Алиса мен Алманың алғашқы үлкен тойы ертегідегідей, өте әдемі сценариймен өтті. Мен бір конкурсқа қатысып, IPhone 16 Pro Max ұтып алдым! Тойда тілекті тек Баян мен Тұрсын айтты, әлемдегі ең бақытты ата-ана екенін атап өтіп, бір-біріне сезімін жеткізді. Келесі жылы 10 жылдықтары екен, енді бәріміз бұйырса Тұрсын мен Баяшаның үйлену тойын көреміз. Лайым солай болсын!», - деп жазды әнші.

 Мәдина Сәдуақасова елге танымал жұпқа перзенттерінің қызығын көріп, бақытты ғұмыр кешуді тіледі.

 «Қос қызыңның алғашқы қадамы құтты болсын! Ерекше естен кетпес әдемі той болды ! Қыз аңсаған жандарға жұғысты болсын», - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, бүлдіршіндердің тұсауын Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай кесті. Ал тұсаукесер рәсімін әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнімен әрледі.

Алагөзовтер тойға келген әріптестеріне алғыс айтып, ағынан жарылған. Баян сөз арасында келесі жылы некелескендеріне 10 жыл толатынын және сол датаға орай ақ көйлек кигісі келетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары