$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Баян Алагөзова қыздарының тұсауын өзінің елге танымал жақындарына кестірді (ВИДЕО)

Баян Алагөзова қыздарының тұсауын өзінің елге танымал жақындарына кестірді (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов пен продюсер Баян Алагөзова қос қызының тұсаукесер тойын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұсауды Айсәуле мен Аша кесті

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қарағанда бүлдіршіндердің тұсауын Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен жиені Аша Матай кескен. Ал тұсаукесер рәсімін әнші Жазира Байырбекова «Тәй-тәй» әнімен сүйемелдеген.

«Бақытты болыңдар, балақайлар. Мен сендерді жақсы көремін!», - деп жазды Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында.

Елге танымал жұпты желі қолданушылары жаппай құттықтап жатыр.

«Қадамдары оң, жолдары ашық болсын!», «Айсәуле мен Аша сияқты ақылды қыз болып өссін!», «Құлыншақтар ақылды, көрікті қыз болсын!», «Басқан қадамы құтты болсын! Болашақтары жарқын болсын! Көркем мінезді қыз болсын!», - деп жазып жатыр олар.

Өткен жылдың тосынсыйы

Өткен жылдың тамыз айында Баян Алагөзова үшінші және төртінші қызы дүниеге келгенін айтып, желі қолданушыларын таңғалдырған болатын.  

Еске сала кетейік, таяуда әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызының қыздары – Айсәуле мен Айару Бақытбек түскен бейнежазба тарап, көпшіліктің назарын аударды. Instagram-да жарияланған видеода әпкелі-сіңлілі арулардың бірі шай ішіп отырса, екіншісі сырадан ұрттап отырғаны көрінеді.

Серіктес жаңалықтары