26.08.2025, 14:59
Жаңалықтар
Ақтау маңында үш көлік бір-біріне соғылып, елдің зәресін алды
Оқиға 24 тамыз күні кешкі уақытта болды
Ақтау қаласының маңындағы жолда 24 тамыз күні адам шошырлық жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, 24 тамыз күні сағат шамамен 21:30-да «Caspi Bitum» зауытының қарсы бетінде үш автокөліктің қатысуымен жол апаты тіркелген.
Toyota Camry көлігінің жүргізушісі Renault Sandero және Lada (ВАЗ) маркалы көліктерімен соқтығысқан.
Полиция мәліметінше, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Ведомствода атап өткендей, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.
Көп оқылған
01.08.2026, 16:15
2 тамыз күні ауа райы қандай болады
01.08.2026, 14:37
«Денесінде сау жер жоқ»: Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сотта жаңа деректер айтылды
01.08.2026, 22:19
Жұмысқа орналасамын деп барған қазақстандық Грекияда 125 жылға сотталды
01.08.2026, 07:37
Қазақстанда аптап ыстық сақталады: 1 тамызға арналған ауа райы болжамы
01.08.2026, 21:31
+40 градустан асатын ыстық: 2 тамызда дауылды ескерту жарияланды