26.08.2025, 10:41
Жаңалықтар
Астанада өзін бизнес-тренер ретінде таныстырған алаяқ жұрттың 50 млн теңгесін алдап алып кетті
Алаяқтың 10 адамды алдап соққаны анықталды
Фото: istockphoto.com
Астанада өзін онлайн-сауда саласының бизнес-тренері ретінде таныстырған ер адам азаматтарды алдап, ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алаяқтың әрекеті қалай жүзеге асты?
Қылмыскер:
- Instagram арқылы клиенттерді тартып, онлайн-саудаға үйрету курстарын ұсынған;
- Оқыту аяқталған соң тыңдаушыларға тұрмыстық техниканы көтерме саудалауға ақша салуды ұсынған;
- Салынған қаржыдан ай сайын 10% табыс беремін деп уәде еткен.
Алайда ол төлемді алғаннан кейін ешқандай шартты орындамай, клиенттермен байланысын үзген.
Сот шешімі
Мемлекеттік айыптаушы сотта күдіктінің 50 млн теңгеден астам шығын келтірген 10 эпизодтан тұратын алаяқтық қылмысын толық дәлелдеді.
Сот үкімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура ескертеді
Қала прокуратурасының мәліметінше, алаяқтық жасағаны үшін заң бойынша мүлкін тәркілеу, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Көп оқылған
25.08.2026, 18:17
Ақмолалық ер адам өзінен 17 жас кіші бойжеткеннің үйіне түнде кіріп, суретке түсірген
25.08.2026, 19:10
БҚО-да әйел адам сүйіктісінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді
25.08.2026, 22:16
Тісін, қабырғасын сындырған: БҚО-дағы тойда «тентек кәде» дәстүрі төбелеспен аяқталды