26.08.2025, 10:58
Жаңалықтар
«Барыстың» жаңа шабуылшысы 200 млн теңге жалақы алады – дереккөз
Ол «Барыс» сапына жуырда ғана ауысып келді
Фото: © Richard T Gagnon / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru
«Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Тайс Томпсонның жалақысы жария болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Журналист Артур Хайруллиннің ақпаратына сәйкес, хоккейшінің айлық жалақысы 30 млн рубльді (200 млн теңге) құрайды.
Форвардты «Нью-Джерси» клубы 2019 жылғы драфтта 96-нөмірмен таңдаған. Оның ҰХЛ-дегі көрсеткішінде 11 матч пен бір нәтижелі пас бар.
Өткен маусымда 26 жастағы америкалық ойыншы АХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында «Бриджпорт Айлендерс» сапында 65 кездесу өткізіп, 21 (8+13) ұпай жинады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды