Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілін қабылдады

Кездесуде Конго президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері талқыланды

Тоқаев Конго президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.