$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Гив» өткізген танымал блогерлерге айыппұл салынуы мүмкін

Туризм және спорт министрлігі олардың әрекетін тексеріп жатыр

«Гив» өткізген танымал блогерлерге айыппұл салынуы мүмкін
Фото: instagram / elt6i

Қазақстанда танымал блогерлер Ерболат Жанабылов пен Самал Толегенова Instagram-дағы «гив» арқылы ұйымдастырған ұтыс ойыны үшін жауапқа тартылуы ықтимал. Туризм және спорт министрлігі олардың әрекетін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Министрлік тексеріс бастады

Комитетке азаматтардың бірі арыз түсіріп, блогерлердің сыйлықтар ұтысын заңдылық тұрғысынан қарауды сұраған. Осыған байланысты Ерболат Жанабыловқа ресми хат жолданып, түсініктеме беру талап етілді.

Егер блогер тарапынан жауап түспесе, әкімшілік іс автоматты түрде қозғалады.

Қандай жаза қолданылуы мүмкін?

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы, 6-бөліміне сәйкес, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарға айыппұл қарастырылған:

  • жеке тұлғаларға – 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК);
  • шағын бизнес пен ҮЕҰ-ға – 300 АЕК;
  • орта бизнеске – 500 АЕК;
  • ірі бизнеске – 1000 АЕК.

Егер блогерлер түсініктеме бермесе немесе сотқа келмесе, іс сырттай қаралады.

Заң не дейді?

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» заңға сәйкес, лотерея мен ұтыс ойындарын тек ресми оператор немесе оның агенті ғана өткізе алады.

Яғни, әлеуметтік желідегі «гив» форматындағы байқаулардың басым бөлігі ресми тіркелмегендіктен, заң бұзушылық болып есептеледі.

Азаматтарға ескерту

Министрлік халықты сақ болуға шақырды.

«Күдікті гивтер мен ұтыс ойындарына қатысудан бас тартып, тек ресми ұйымдастырушыларға сеніңіздер. Әйтпесе, азаматтар алаяқтардың құрбаны болып, қаржылық шығынға ұшырауы мүмкін», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары